«ГалА-Консалт» ЖШС
Жамбыл көшесі, 26, Алматы
gaco@galaconsult.kz · +7 775 888-91-30
Құрметті ханымдар мен мырзалар, құрметті кәсіпкерлер!
Германия Федералдық экономика және энергетика министрлігінің (BMWi) тапсырмасы бойынша және оның кәсіпкерлікті және жаңа нарықтарды қолдау бағдарламасы аясында em&s GmbH компаниясы «ГалА-Консалт» ЖШС компаниясымен бірлесіп, Қазақстанда Германия кәсіпкерлері делегациясының презентациясын және «Германиядан тамақ өнеркәсібі мен қаптамаға арналған жабдықтар» тақырыбындағы симпозиумды ұйымдастырады. Іс-шаралар 2021 жылғы 28-30 қыркүйек аралығында онлайн режимде өтеді.
Сізді 2021 жылғы 29 қыркүйекте өтетін симпозиумға қатысуға шақырамыз (Қазақстан мен Германия арасындағы уақыт айырмасын ескергенде, алдын ала уақыты - 14:00-ден бастап).
Симпозиум бағдарламасы (ZOOM, неміс-орыс синхронды аудармасы)
- BMWi тарапынан қатысушыларды құттықтау
- Қазақстан тарапынан қатысушыларды құттықтау
- «Германияда жасалған» тамақ өнеркәсібі мен қаптамаға арналған жабдықтарға бүкіл әлемде сұраныс бар - Вера Фритше, VDMA e.V., Тамақ өнеркәсібі мен қаптамаға арналған машиналар өндірушілерінің одағы
- Экспорттық қаржыландыру: тамақ өнеркәсібіндегі жобаларды қаржыландыру - Томас Оттер, Landesbank Baden-Württemberg (Баден-Вюртемберг жер банкі)
- Неміс компанияларының қысқа презентациялары
- Қорытынды пікірталас
29 қыркүйектегі симпозиумнан кейін, сондай-ақ 30 қыркүйекте Сізді виртуалды делегацияға қатысатын неміс фирмаларының өкілдерімен жеке B2B келіссөздер жүргізуге шақырамыз.
Симпозиумға және жеке B2B келіссөздерге қатысу үшін сауалнаманы толтырып, оны бізге электрондық пошта арқылы 2021 жылғы 17 қыркүйекке дейін жіберуіңізді сұраймыз.
Сізге табыс тілейміз, жауаптарыңызды және қазақстандық және неміс компанияларының белсенді ынтымақтастығын күтеміз.
Қосымшалар
- DOCX1-қосымша. Қатысушы сауалнамасы2021 жылғы 17 қыркүйекке дейін жіберуexpired
- PDF2-қосымша. Неміс қатысушыларының тізіміКомпаниялар және олардың қызмет бейініexpired