GalA-Consult · ГалА-Консалт
Іскерлік сапар1-6 шілде 2024Бавария, Германия

Қазақстандық медициналық кәсіпорындар мен медицина саласына қызмет көрсететін кәсіпорындарға арналған Баварияға сапар (сауда, менеджмент, сервис)

GalA-Consult · ГалА-Консалт

«ГалА-Консалт» ЖШС
Жамбыл көшесі, 26, Алматы
gaco@galaconsult.kz · +7 775 888-91-30

Құрметті ханымдар мен мырзалар, медицина саласының құрметті өкілдері, құрметті кәсіпкерлер!

Бавария федералдық жері - Германиядағы экономикасы ең қуатты жерлердің бірі. Көп жылдан бері медицина саласындағы бавариялық кәсіпорындар мен медицина саласына техника мен технологиялар ұсынатын кәсіпорындар Қазақстан мен Орталық Азиядағы мамандандырылған көрмелерге қатысып келеді, бірлескен экономикалық іс-шаралар бірнеше рет өткізілді.

Биыл қазақстандық медициналық кәсіпорындар мен медицина саласына қызмет көрсететін кәсіпорындар (сауда, менеджмент, сервис) үшін «Bayern - Fit for Partnership» (BFP) аясында жоба өткізіледі. BFP - Bayern International ұйымының Бавария экономика министрлігі қаржыландыратын біліктілікті арттырудың халықаралық бағдарламасы. Жобаны em&s GmbH фирмасы «ГалА-Консалт» ЖШС компаниясымен бірлесіп өткізеді.

  1. Сапар: медицина саласындағы кәсіпорындар (оның ішінде онкологияға басымдық беретін), Қазақстанның мамандандырылған сауда және сервистік компаниялары делегациясының 2024 жылғы 1-6 шілдеде Баварияға сапары - Бавариядағы медициналық мекемелермен және медициналық тауарлар мен жабдықтар өндірушілерімен танысу, кәсіпорындарға бару, ынтымақтастық мүмкіндіктері туралы кездесулер мен келіссөздер өткізу.
  2. Мақсаты: Бавария медициналық техникасы мен технологияларымен танысу, одан әрі өзара тиімді ынтымақтастық үшін медицина саласындағы (оның ішінде онкология бойынша) қазақстандық және неміс кәсіпорындары мен ұйымдары арасында байланыстар орнату және тереңдету.
  3. Делегацияға қатысушылар саны: 15 адамға дейін (қазақстандық компаниядан немесе мекемеден 1 өкіл; екінші қатысушының шарттары қосымша келісіледі).
  4. Қатысу шарттары: қазақстандық қатысушылар Мюнхенге дейінгі және кері әуе жолын және болудың әр күніне 45 еуро мөлшеріндегі жарнаны (барлығы 225 еуро) төлейді; неміс тарапы Германияда болуды, соның ішінде бағдарлама мен кездесулерді толық ұйымдастыруды, визаға шақыруларды, делегацияның болу кезеңіне сақтандыруды, қонақүйлерде тұруды, аудармашыны, тамақтануды, Германия ішіндегі жол жүруді (делегацияға арналған автобус) төлейді.

Қатысуға қызығушылық болса, қоса берілген сауалнаманы толтырып, оны 2024 жылғы 10 сәуірге дейін gaco@galaconsult.kz, gsh@galaconsult.kz поштасына жіберуіңізді сұраймыз.

Сауалнамалар неміс тіліне аударылып, әр кандидаттың қатысуы туралы шешім қабылдау үшін Баварияға жіберіледі. Топ 2024 жылғы 20 сәуірге дейін жасақталатынын ескеруіңізді сұраймыз. Орын саны шектеулі болғандықтан, өтінімдер келіп түскен күніне қарай қаралады. Делегацияның ерте жасақталуы Германияға виза рәсімдеуге көп уақыт қажет болуымен, сондай-ақ оң шешім қабылданса, қатысушыларға әуе билеттерін мүмкіндігінше ертерек брондау қажет болуымен байланысты, өйткені ұшу күні жақындаған сайын олардың құны өседі.

Делегация бағдарламасына қатысу үшін 225 еуро мөлшеріндегі жарна шот алынғаннан кейін теңгемен ағымдағы бағам бойынша аударым арқылы төленеді.

Директор Г. С. Джунусалиева: +7 701 304-28-18, gaco@galaconsult.kz. Сондай-ақ қосымша ақпарат пен сұрақтар бойынша: +7 701 259-84-37 (Алмагуль Шакиева), +7 777 026-30-08 (Сергей Карпенко), +7 775 888-91-30 (Айганым Джунусалиева).

Құрметпен және ізгі тілектермен,«ГалА-Консалт» ЖШС

Қосымшалар

  • DOCX1-қосымша. Қатысушы сауалнамасы2024 жылғы 10 сәуірге дейін жіберуexpired
  • PDF2-қосымша. Сапар бағдарламасыКүндер бойынша бағыт, компаниялар және нысандарexpired