GalA-Consult · ГалА-Консалт
Ақпараттық сапар19-23 маусым 2023Бавария, Германия

Қазақстан Республикасының «Қаптама және қағаз өнеркәсібі» саласындағы ұйымдары мен кәсіпорындарына арналған Баварияға ақпараттық сапар

Тақырып:Қаптама және қағаз өнеркәсібі саласындағы технологиялар.

GalA-Consult · ГалА-Консалт

«ГалА-Консалт» ЖШС
Жамбыл көшесі, 26, Алматы
gaco@galaconsult.kz · +7 775 888-91-30

Құрметті ханымдар мен мырзалар!

Бавария федералдық жерінің Экономика, өңірлік даму және энергетика министрлігі Сізді «Бавария - білікті серіктестік» («Bayern - Fit for Partnership») бір апталық ақпараттық сапарына қатысуға шақырады. Сапардың мақсаты - инновациялық технологиялармен танысу және қаптама саласы мен қағаз өнеркәсібінде Бавария мен Қазақстан фирмалары арасындағы ынтымақтастықты тереңдету.

Қатысуға қазақстандық кәсіпорындар мен ұйымдардың басшылары мен жетекші мамандары, салалық одақтар мен министрліктердің бейінді департаменттерінің басшылары шақырылады.

Сапар аясында не қарастырылған

  • Станоктар мен арнайы жабдықтар шығаратын бавариялық компаниялардың сарапшылары мен өкілдерінің презентациялары
  • Қаптама және қағаз өнеркәсібі саласында қолданылатын технологиялармен және әзірлемелермен іс жүзінде танысу үшін салалық кәсіпорындарға бару
  • Бавариялық және қазақстандық қатысушылар арасындағы байланыстар биржасы

Қатысу шарттары

Делегацияның Баварияға сапары 2023 жылғы 19-23 маусымда өтеді. Сапар бағдарламасын ұйымдастыру, сүйемелдеу, көлік және аударма қызметтері, тамақтану, үш жұлдызды қонақүйлерде тұру шығындарын шақырушы тарап - Бавария федералдық жері көтереді. Қатысушылар өз әуе билеттерін, сондай-ақ бағдарламаның бір күніне 45 еуро есебінен ұйымдастыру жарнасын, яғни бір адамға 180 еуро төлейді.

Қатысушылардың ең көп саны - 15 кәсіпорын/адам. Делегация конкурстық негізде және өтінімдердің түсу уақыты бойынша жасақталады. Сапар бағдарламасы аяқталғаннан кейін делегация мүшелеріне қатысу туралы сертификат беріледі.

Қатысуға қызығушылық болса, қоса берілген сауалнама-өтінімді толтырып, оны қолы мен мөрімен gaco@galaconsult.kz, info@galaconsult.kz мекенжайларына жіберуіңізді сұраймыз. Өтінімдер 2023 жылғы 29 сәуірге дейін қабылданады.

Қатысу мәселелері бойынша: gaco@galaconsult.kz, info@galaconsult.kz, +7 775 888-91-30«ГалА-Консалт» ЖШС

Қосымшалар

  • DOCX1-қосымша. Сауалнама-өтінімҚолы мен мөрімен, 2023 жылғы 29 сәуірге дейінexpired
  • PDF2-қосымша. Сапар бағдарламасыКүндер бойынша бағыт, компаниялар және нысандарexpired