GalA-Consult · ГалА-Консалт
Көрме27-29 сәуір 2023Стамбұл, Түркия

Қазақстандық кәсіпкерлер делегациясының «IFAT Eurasia» көрмесіне сапары

Тақырып:Экологиялық технологиялар, су ресурстарын басқару.

GalA-Consult · ГалА-Консалт

«ГалА-Консалт» ЖШС
Жамбыл көшесі, 26, Алматы
gaco@galaconsult.kz · +7 775 888-91-30

Құрметті ханымдар мен мырзалар, құрметті кәсіпкерлер!

Баварияның «Messe München» көрме ұйымының тапсырмасы бойынша «ГалА-Консалт» ЖШС қазақстандық делегацияның 2023 жылғы 27-29 сәуір аралығында Стамбұлдағы Tüyap Fair and Congress Center көрме орталығында өтетін «IFAT Eurasia» көрмесіне баруын ұйымдастырады.

«Messe München» Германияда да, әлемнің түрлі елдерінде де ең ірі халықаралық көрмелерді, соның ішінде IFAT көрмесін ұйымдастырады. IFAT Eurasia - Азия мен Еуропа арасындағы жетекші технологиялық хаб, ол Оңтүстік-Шығыс Еуропа, Солтүстік Африка және Таяу Шығыс нарықтарын қамтиды.

Көрме тақырыбы: сумен жабдықтау және ағынды суларды тазарту технологиялары, қалдықтарды басқару, қайта өңдеу және энергияға айналдыру, қалалық ортаны тазартуға арналған көлік құралдары, ластанудың алдын алу, еңбек қауіпсіздігі.

Көрмеде тағы да бүгінгі әлем бетпе-бет келіп отырған, үнемі өсіп келе жатқан экологиялық мәселелерді шешуге арналған өнімдер мен қызметтердің кең ауқымы ұсынылады. Интерактивті топтық пікірталастар мен семинарлардан, сондай-ақ жас мамандарға арналған бөлімдерден тұратын бірінші дәрежелі қолдау бағдарламасы ең жаңа идеялар мен технологиялар туралы жаңа түсінік алуға, қызықты пікірталастарға қатысуға және саланың танымал сарапшыларымен пікір алмасуға тамаша мүмкіндік береді.

Қатысудың негізгі себептері

  • Еуразиядағы экологиялық технологиялар бойынша жетекші көрме: су ресурстарын басқаруды, ағынды суларды тазартуды, қалдықтарды жинауды, кәдеге жаратуды және қайта өңдеуді қоса алғанда, өнімдердің кең ассортименті - бәрі бір шаңырақ астында
  • Еуразиялық өңірге қақпа: Стамбұлдың географиялық орны оны Шығыс пен Батыс арасындағы сауданы байланыстыратын және жаңа нарықтарды зерттеуге бірегей мүмкіндіктер беретін өңірдің іскерлік орталығына айналдырды
  • Жоғары деңгейдегі қолдау бағдарламасы: қызықты желілік мүмкіндіктер мен білім алмасуға арналған семинарлар мен топтық пікірталастар
  • Шешім қабылдаушылардың кездесу орталығы: кәсіпкерлер саладағы шешім қабылдаушылармен танысып, өз өнімдері мен шешімдерін тікелей мемлекеттік және жергілікті билік органдарының өкілдеріне, сондай-ақ өнеркәсіптік және коммерциялық пайдаланушылардың кең ауқымына таныстыра алады
  • Қазақстан мен Түркия арасындағы визасыз режим сапарды да, оны ұйымдастыруды да айтарлықтай жеңілдетеді және қаражатты үнемдеуге мүмкіндік береді

Қатысу шарттары

Қатысушылар сапар шығындарын (әуе билеттері, қонақүй) өздері көтереді, ұйымдастырушылар бағдарламаны, аудармашыны және Стамбұлда сүйемелдеуді қамтамасыз етеді.

Делегацияға тиісті салалардың кәсіпкерлері, мамандары мен ұйымдары қатысады деп үміттенеміз. Сұрақтар туындаған жағдайда біз әрқашан Сіздің қызметіңіздеміз: тел. +7 701 714-93-17, +7 775 888-91-30.

IFAT Eurasia 2023 көрмесіне баруға қызығушылық болса, сауалнаманы толтырып, оны бізге 2023 жылғы 31 наурызға дейін gaco@galaconsult.kz, info@galaconsult.kz мекенжайларына жіберуіңізді сұраймыз.

Құрметпен және ізгі тілектермен,«ГалА-Консалт» ЖШС

Қосымшалар

  • DOCX1-қосымша. Қатысушы сауалнамасы2023 жылғы 31 наурызға дейін жіберуexpired
  • PDF2-қосымша. Сапар бағдарламасыКөрме, кездесулер және экскурсияларexpired